Биылғы жылдың қазан айында “Білім жəне мəдениет” арнасындағы “Əңгіменің ашығы” бағдарламасында “Қазақ батырлары мен хан, сұлтандардың құлпытастары жəне пантиондары əлемдік өркениеттің бір бөлігі бола ала ма?” тақырыбында Дəурен Бабамұраттың жүргізуімен түсірілім болды. Батыс Қазақстан облысында құлпытастарды зерттеу жұмыстарымен айналысып жүргенімізді ескеріп арнайы шақырған. Дəл осы тақырыпты көтергендеріне, Алматыда отырып-ақ біздің аз-мұз атқарған істерімізге бола шақырғандарына риза болғанбыз. Тіпті түсірілім уақытын бізге ыңғайлап белгілегенде құрметтеріне одан əрі разы боп, бармауымызға амал қалмады.
Дəл осы түсірілімнен соң əрі қарай Райымбек батыр туралы бағдарлама түсіріледі екен. Осыдан үш жыл бұрын мұқабасына Райымбек батырдың суреті бейнеленген дəптер шығарғанымызды айтқанымда көрермен ретінде қатысуымды ұсынған. Осылайша бір күнде біріне қонақ, біріне көрермен боп, екі бірдей түсірілімге қатысып келдім.
“Қазақ батырлары мен хан, сұлтандардың құлпытастары жəне пантиондары əлемдік өркениеттің бір бөлігі бола ала ма?” тақырыбындағы “Əңгіменің ашығы” бағдарламасын 18.12.2015 ж. күні сағат 21:00-де “Білім жəне мəдениет” арнасынан көре аласыздар.
Жоба продюсері Жанар Адамбаеваға жəне жүргізушісі Дəурен Бабамұратқа ризашылығымды білдіремін.

