Алматы қаласында “Dana.kaz” журналының таныстырылымы өтті. Қатысушылардың бірі журналист, бірі блогер, бірі студент, бастысы бəрі жастар. Еліміздің тарихын зерттеп, насихаттауды, ұлттық рухымызды көтеруді мақсат еткен журналымызды жастардың қолдау білдіріп, ақыл-кеңестерін ортаға салғандарына ризамын.
Шақыруымызды қабыл алып, уақыт бөліп келген Касенғалиев Асхат, Байұзақов Қанат, Думан Гүлбаршын, Бегімбетова Мөлдір, Мұсабекқызы Ақбота, Бегімбет Айгерім, Жантурин Нұрберген, Айдана Абдрахман, Аягөз Айтқалиева, Шерхан Талап, Жандарбек Жұмағұловқа журнал шығарушылардың атынан алғысымды білдіремін.

