Бүгін Алматы қаласындағы М. Əуезов атындағы театрда Темірхан Медетбектің 70 жасына орай “Көк түріктер сарыны” шығармашылық кеші өтуде. Осы шараға Батыс Қазақстан жəне Атырау облыстарынан арнайы делегация қатысып, облыс əкімдері Нұрлан Асқарұлы мен Бақтықожа Салахатдинұлы аттарынан шапан жабылып, кастюм кигізілді. Ақұштап Бақтыгереева Ақжайық жұртшылығы атынан құттықтап, кеш иесінің поэзиядағы сүбелі үлесіне тоқталды. Сөйлеушілердің бəрі Темірхан Медетбекті намыстың, ар-ұяттың, шындықтың ақыны деп бағалауда.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0wN7xaJKtpdYbx8hJ5qP8oGYnqFHLBm1hujY6guG9ubtyVcYqnKLBYyS2eU2gBTNbl&id=100001986662575

Scroll to Top