Мемлекетіміздің ең басты байлығы адам жəне оның өмірі. Бұл Ата заңымызды көрсетілген. Біз қазір адам өмірін қанша бағалаймыз? Бұрын ата-бабаларымыз дала заңы бойынша ер адамның құнын 1000 қойға теңеген. Адам өлімі болғанда кінəліге осы көлемде төлеткен. Егер 1 қойды кемінде шамамен 25 000 теңге деп алсақ, 1000 қой – 25 000 000 теңгені құрайды. Əрине адамның орнын ақшамен өтей алмайсың, бірақ əр қателік үшін осылай ақша төлетсе адам өлтіру кім-кімге де тиімсіз боларын анық. Тіпті абайсызда да.
Алдағы уақытта мемлекеттік органдардың қателігінен адам шығыны болғанда мемлекеттің есебінен өтелетін қаржылай өтемақының көлемін қайта қараған жөн.

