Таңертең сағат 8-де Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып жатқан 550 шақырымдық автошеруге аттанамыз.
Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының алдында салтанатты шара өткен соң автокөліктер керуені Әбілқайыр хан, Сырым Датұлы, Еуразия, Достық даңғылдарымен бойымен көк туды желбіретіп шерулетіп, Жаһанша Досмұхамедұлы, Махамбет Өтемісұлы атындағы оқу ордаларының алдынан өтіп, Хан тоғайына аялдамақ. Мұнан кейін Жәңгір хан көшесі арқылы Жайық қаласының орнына ат басын бұрып, одан әрі Ақжайық, Жаңақала аудан орталықтарында жергілікті тұрғындармен жүздесеміз. Бастан аяқ 550 шақырым жол жүріп, Хан Ордасына бас тіремекпіз.
Жолымыз оң болсын! Мейрейтой құтты болсын!

