Бүгін мықты ғалым, əулие, мешіт ұстап, бала оқытқан, екі рет Меккеге барып, үшіншісінде өзінің кейін қайта алмайтынын айтып, інісі Серғалиды ерте барған, Меккеде жерленген Мəулімберді ғұламаның шөбересі Уахит ағамызбен кездесудің сəті түсті. Мəулімберді атамыздың ұстаған таяғын ұрпағы көзінің қарашығындай сақтап отыр екен. Ғасыр өтседе сапалы сақталған қасиетті жəдігер.




