Әріптестер, мейрам құтты болсын!

Кеше ғана «Жайық Пресс» ұжымы толық құрамда кәсіби мерекені атап өтті. Әдеттегідей өз күшімізбен облыстық филармонияның залында салтанатты шара өткіздік. Жүргізуші, әнші, биші, күйші, ақын бәрі де өз әріптестеріміз. Бір топ штаттан тыс және штаттағы қызметкерлерге алғыс хат пен ақшалай сый табыстадық. Аудандық екі бірдей редакцияға су жаңа автокөлік мінгіздік. Б. Ойшыбаев атындағы байқаудың жеңімпаздарын марапаттап, кәсіби мейраммен құттықтадық. Кешкісін қаладағы, аудандағы барша әріптестер «Керемет» мейрамханасында бас қостық.

Барша әріптестерді кәсіби мейраммен тағы да құттықтаймын. Ақпарат құралында қызмет ету арқылы ел үшін атқарып жүрген істеріңіз жемісті болсын. Әрдайым бірлігіміз бекем болғай.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0x6bZX3prKYZmFTSg3L9xv9o5tMLDAZw3gVASETxs8XgjLxwbj9dAGN5max7W1ov1l&id=100001986662575

Scroll to Top