Елеусін Бұйрин мен Ғабдолғазиз Мұсағалиев көшелеріне билборд қою

«Жайық Пресс» ЖШС-ның атынан Батыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияға қазақ баспасөзінің бастауындағы Елеусін Бұйрин мен Ғабдолғазиз Мұсағалиевқа көше атауларын беруді сұрап хат жолдағанбыз. Ұсынысымыз қаралып, құпталып, жақында Орал маңындағы «Жақсы ауыл» шағынауданындағы қос көшеге осы тұлғалардың есімдері берілді. Тәуелсіздігімізді алғаннан бері көпшілік көшелерге елімізге еңбегі сіңген тұлғаларға көше атаулары берілгенімен көпшілік жағдайда өзге түгел, тіпті сол көшенің тұрғындары есімі берліген тұлғаны танымайды. Осы олқылықты толтыру мақсатында осы екі көшеге Елеусін Бұйрин мен Ғабдолғазиз Мұсағалиевтің суреті, өмірбаяны және ұлағатты сөздері жазылған билборд орнаттық. Бүгін көше тұрғындарына қазақ баспасөзінің бастауындағы тұлғалар туралы қысқаша баянадама жасап, арнайы дайындалған брашюраны тараттық, Сонымен қатар көшелерде тұратын көп балалы отбасылар мен үздік оқушыларға және тыл ардагеріне сыйлық тарту еттік. Ғабдолғазиз Мұсағалиев атындағы көшеге көшеттер отырғызып, соңында ұжым болып суретке түстік. Бастаманы қолдап, жанашырлық танытып жүрген барша әріптестеріме ризашылығымды білдіремін.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02ESef5eKVLUnATuqYTUieCUjHLaSWYCPvdykyw1QRnnkfq3fKTHwn3WoWCZan4Efpl&id=100001986662575