Батыс Қазақстан облысы аумағындағы көне ескерткіштер – ХVІІІ-ХХ ғасырдағы араб жазулы құлпытастарды қорғау, кешенді зерттеу мәселесі бойынша басқосу өтуде. Зерттеу жұмыстарының жай-жапсары жоспарланып, «Нұр Отан» партиясы БҚОФ, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы, «Жайық Пресс» ЖШС және «DANAkaz» тарихи-танымдық журналы бұл іске жұмылу жөнінде меморандумға қол қоймақ.





