Әкім тарихқа жақын болса

2015 жылы құлпытастарды зерттеуді ұйымдастырудың жолы.

Бірінші кезекте әр ауданның басшысы осыған белсене араласса оң болады. Ол өз тарапынан аудан бойынша негізгі жауапкершілікті өз мойнына алып, ауылдық округтің аумағына ауыл әкімін тікелей жауапты етіп, құрамына жергілікті өлкетанушы, мектептің тарих пәнінің мұғалімі, тағы басқа елінің болашағына еңбек етуге дайын ауыл белсенділерін қосып, топ құрса. Топ мүшелері өз ауылының аумағына кіретін барлық қорымды анықтап, арнайы дайындалған нұсқаулыққа сай бірін қалдырмай нөмірлеп, суретке түсіріп беруді ұйымдастырса, негізгі жұмыс атқарылады. Әр қорымды нұсқаулық талабына сай жасақтап, электронды нұсқасын табыстаса, біз өз тарапымыздан аудармасын жасап, арнайы сайт жасақтап, терең зерттеу объектісіне айналдырмақпыз.

Біз әзірге мүмкіндігімізге қарай тек бір облысты айтып отырмыз. Болашақта барлық облыста осылай жүйелі жұмыс атқарылса, одан әрі еліміздің шекарасының сыртында қалған ата-бабамызға қойылған құлпытастарды зерттеу қажет.

Оралда арнайы үйлестіруші топ құрып, арнайы нұсқаулықты əр аудандағы жұмыс тобына таратамыз. Ақпан-наурыз айларында аудандардағы жұмыс тобы мүшелерінің белсенділерін шақырып Оралда оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырмақпыз.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0X6BD4BYvoi2HdDPL2cjW7ufaxnwnH6X851NkyymvprvTnR5D51GbCdCosTsfkiSBl&id=100001986662575

Scroll to Top