Таным мен туризмді дамыту

Құлпытастарды зерттеу қажеттілігінің жетінші себебі.

Елдің қамын жеген хан, би, батыр, әулие, əнші, күйші, ғұламалардың жатқан жері болашақта туризмнің өзегіне айналары анық. Себебі кім болса да ұрпағының елге адал қызмет ету арқылы танымал болып, ізін абыроймен жалғастырғанын қалайды. Өзі үшін, елі үшін үлгі тұтарлық бабаларымыздың басына барып, туған жерді аралап халқын, жерін сатпайтын ұрпақ тәрбиелеуге тырысады. Оның сыртында сырттан келген қонақтарды да сол жерлерге апарып, туризмді жандандыра түседі.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02AjcbU7y3hbH4ZcHo9s7PdM8KbsYWxNJRyMDVa1c85KSMNs164Vzk9GcobA2j9CxEl&id=100001986662575

Scroll to Top