Құлпытасты зерттеудің екінші себебі.
Елу не жүз жылдан кейін бұл құлпытастар жаңбыр, қар, күннің көзі, жел т.б. табиғаттың әсерінен тозып, жазбалар оқылмай қалары анық. Оған малдардың сүйкеніп жазуын кетіріп, не құлатып тастау мүкіндігі және құмдардың көшуінен көміліп, жер астында қалып қоюын қосыңыз. Шетел мұрағаттарындағы құжаттарды әкелуге қыруар қаржы қажет деп жүргенде көзіміздің алдындағы, мұрнымыздың астындағы тасқа жазылған тарихымызды қағазға түсірмесек ұрпағымыздың алдында не деп жауап береміз?