Құлпытастарды терең зерттеудің себебтерін жазамын деген болатынмын. Міне, бірінші себебі.
Құлпытастарды терең зерттеудің себебтерін жазамын деген болатынмын. Міне, бірінші себебі. Араб әліпбиімен жазылған құлпытастардың дені он сегіз бен жиырмасыншы ғасырдың аралығын. Әр құлпытаста қайтыс болған адамның аты-жөні, қай жылы туғаны, неше жаста қайтыс болғандығы, қай ру,тайпа, бөлімнен, тас қойғандар кімдер екендігі көрсетіледі. Тіпті кейбірінде қайдан білім алғандығы, ұстазы кім болғандығы туралы да мәлімет болатынын ескерсек бұл тарихты зерттеуге аса маңызды, таптырмас мағлұматтар болары анық.