Ұшқын газеті

1919 жылдың 17 желтоқсанынан 1920 жылдың 27 қазанына дейін Орынбор қаласында шығып тұрған «Ұшқын» газеті туралы бұл жинақта басылымның Алматыдағы «Ғылым ордасы» РМК Ғылыми кітапханасы қорында сақталған тігіндісі қазіргі әліпбиге аударылып ұсынылып отыр. Сондай-ақ мұнда газеттің редакциялық алқа мүшелері Х.Есенбаев, Т.Сафиев, М.Тұрғанбаев туралы деректер, көне суреттер қоса берілген. Бұған қоса Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұрған зерттеуші М.Ысмағұловтың жеке қорындағы Тамимдар Сафиев естелігінің «Ұшқын» газетіне қатысты бөлігі осы жинақта жарияланып отыр. Кітап баспасөз тарихын зерттеушілерге, журналистика факультеті студенттеріне, жалпы көпшілік оқырман қауымға арналған.

Scroll to Top