”Адай Ата – Отпан тау” кесенесі

”Адай Ата – Отпан тау” кесенесі ұлттық рухымызды асқақтататын, өткенімізбен болашағымызға зер салып, жердің иесі ретінде аса жауапкершілік сезімді оятатын елдігіміздің белгісі. Теңіз биіктігінен есептегенде 531 биіктікте орналасқан. Сабыр Адайдың бастамасымен жоба басталып, жекелеген азаматтар және түрлі компаниялардың қолдауымен 2007 жылы ашылған. Орналасу жағынан сол аймақта ең биік тау сілемі болғандықтан жаугершілік заманда жерімізді, халқымызды қорғауда аса маңызды орын болған. Алыстан жау көрінсе тау басына от жаққан. Осы белгіге жан-жақтан батырларымыз ағылып, қол жиналған. Осылайша жерімізге қызыққан жауды ыждағаттылық пен бірліктің арқасында алдырмаған. Кесененің салтанаты мен сәулеті келіскен, айбынды, талғаммен салынған. МЕН ҚАЗАҚПЫН деген әр адамның көзімен көргені абзал.

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02Q7SeusbzqW8AEGRtQovyegKX6GtPNk4VSZjSdGNnmjZ15zrmJer96LFHMc4EB2AZl&id=100001986662575