Өңірімізде құлпытастарды зерттеуде екі азаматтың өлшеусіз еңбегі бар. Олар атқарған істеріне ақы сұрамақ түгіл, өз уақыттары мен қаражаттарын жұмсайтын Қазбек Қабжанов пен Мұратбек Жахатов. “Дана” журналына Мұратбек ағамыз аударған құлпытастың біріне ұрпағы терең тарихын білгендіктен арнайы белгі қойғаны жазылып еді. Міне, қуанышты жағдай! Қазбек ағамыз тапқан жəне аударған екі ханымыздың біріне ескерткіш тақта орнатылды. Жантөре ханға да жақын арада қойыларына сенеміз. Ақжайық, Теректі аудандарының азаматтарына сəттілік!




