Орал қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
Орал қаласы №1-1 2016 жылғы 24 наурыз
Орал қалалық сайлау комиссиясының
хабарламасы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11 бабына сәйкес, Орал қалалық сайлау комиссиясының төрайымы А.Ә.Төкешеваның Орал қалалық мәслихатына сайлаудың қорытындысы туралы ақпаратын тыңдап, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Орал қалалық мәслихатына депутаттарды сайлаудың қорытындысы туралы Орал қалалық сайлау комиссиясының хабарламасы мәліметке алынсын.
Орал қалалық мәслихатының
1-ші сессиясының төрағасы А.Ш.Ермекқалиев
________________________________________________________________________________________________________________
Орал қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
Орал қаласы №1-2 2016 жылғы 24 наурыз
Орал қалалық мәслихатының
бірінші сессиясының күн тәртібін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына және Орал қалалық мәслихаты Регламентінің 11 тармағына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қалалық мәслихатының бірінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1) Орал қалалық мәслихатының хатшысын сайлау туралы;
2) Орал қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру және олардың төрағаларын сайлау;
3) Орал қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.
Орал қалалық мәслихатының
1-ші сессиясының төрағасы А.Ш.Ермекқалиев
________________________________________________________________________________________________________________
Орал қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
Орал қаласы №1-3 2016 жылғы 24 наурыз
Орал қалалық мәслихатының
хатшысын сайлау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 19 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Орал қалалық мәслихатының хатшысы болып № 1 сайлау округінің депутаты Аққали Үмбетқалиұлы Әубекеров сайлансын.
Орал қалалық мәслихатының
1-ші сессиясының төрағасы А.Ш.Ермекқалиев
________________________________________________________________________________________________________________
Орал қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
Орал қаласы №1-4 2016 жылғы 24 наурыз
Орал қалалық мәслихатының
тұрақты комиссияларын құру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қалалық мәслихатының келесі 4 тұрақты комиссиясы құрылсын:
1) экономика, бюджет және қаржы жөніндегі;
2) индустриалдық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық
мәселелері жөніндегі;
3) әлеуметтік мәселелер мен жастар ісі жөніндегі;
4) нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс
жөніндегі.
Орал қалалық мәслихатының
1-ші сессиясының төрағасы А.Ш.Ермекқалиев
________________________________________________________________________________________________________________
Орал қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
Орал қаласы №1-5 2016 жылғы 24 наурыз
Орал қалалық мәслихатының
экономика, бюджет және қаржы
жөніндегі тұрақты комиссиясын
сайлау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қалалық мәслихатының экономика, бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясы 5 депутаттан келесі құрамында сайлансын:
Әлібек Әлімжанұлы Ажмагамбет – №13 сайлау округінің депутаты;
Марат Жаулыбайұлы Қаженов – №7 сайлау округінің депутаты;
Ляззат Тұяқбайқызы Рысбекова – №5 сайлау округінің депутаты;
Нұржан Орынғалиұлы Сертеков – №2 сайлау округінің депутаты;
Лилия Маратқызы Хайруллина – №18 сайлау округінің депутаты;
2. Орал қалалық мәслихатының экономика, бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып Марат Жаулыбайұлы Қаженов сайлансын.
Орал қалалық мәслихатының
1-ші сессиясының төрағасы А.Ш.Ермекқалиев
________________________________________________________________________________________________________________
Орал қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
Орал қаласы №1-6 2016 жылғы 24 наурыз
Орал қалалық мәслихатының
индустриалдық даму, инфрақұрылым
және тұрғын үй-коммуналдық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссиясын сайлау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қалалық мәслихатының индустриалдық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы 5 депутаттан келесі құрамында сайлансын:
Азамат Ғимранұлы Бисенов – №12 сайлау округінің депутаты;
Доля Сергей Евгеньевич – №6 сайлау округінің депутаты;
Құрманғазы Сейітқанұлы Қажиденов – №11 сайлау округінің депутаты;
Крылов Валерий Юрьевич – №19 сайлау округінің депутаты;
Тұрарбек Тілемісұлы Тілемісов – №14 сайлау округінің депутаты;
2. Орал қалалық мәслихатының индустриалдық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып Доля Сергей Евгеньевич сайлансын.
Орал қалалық мәслихатының
1-ші сессиясының төрағасы А.Ш.Ермекқалиев
________________________________________________________________________________________________________________
Орал қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
Орал қаласы №1-7 2016 жылғы 24 наурыз
Орал қалалық мәслихатының
әлеуметтік мәселелер мен жастар ісі
жөніндегі тұрақты комиссиясын
сайлау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер мен жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясы 5 депутаттан келесі құрамында сайлансын:
Мамедов Наджаф Мирзага оглы – №16 сайлау округінің депутаты;
Михно Валентина Павловна -№17 сайлау округінің депутаты;
Әлия Өтемісқызы Салиева -№8 сайлау округінің депутаты;
Жантас Набиоллаұлы Сафуллин – №9 сайлау округінің депутаты;
Ақтілек Армандаұлы Өмірбаев – №20 сайлау округінің депутаты;
2. Орал қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер мен жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып Михно Валентина Павловна сайлансын.
Орал қалалық мәслихатының
1-ші сессиясының төрағасы А.Ш.Ермекқалиев
________________________________________________________________________________________________________________
Орал қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
Орал қаласы №1-8 2016 жылғы 24 наурыз
Орал қалалық мәслихатының
нормативтік-құқықтық мәселелер
және жұртшылықпен байланыс
жөніндегі тұрақты комиссиясын
сайлау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Орал қалалық мәслихатының нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясы 4 депутаттан келесі құрамында сайлансын:
Власов Валерий Павлович – №10 сайлау округінің депутаты;
Амангелді Шманғалиұлы Ермекқалиев – №15 сайлау округінің депутаты;
Дархан Қаныбекұлы Қадралиев -№4 сайлау округінің депутаты;
Серік Хайырұлы Мұхамбетқалиев – №3 сайлау округінің депутаты;
2. Орал қалалық мәслихатының нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып
Амангелді Шманғалиұлы Ермекқалиев сайлансын.
Орал қалалық мәслихатының
1-ші сессиясының төрағасы А.Ш.Ермекқалиев
________________________________________________________________________________________________________________
Орал қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
Орал қаласы №1-9 2016 жылғы 24 наурыз
Орал қалалық мәслихатының
кезекті сессиясының
төрағасын сайлау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8, 18 баптарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Орал қалалық мәслихатының кезекті сессиясының төрағасы болып №1 сайлау округінің депутаты Аққали Үмбетқалиұлы Әубекеров сайлансын.
Орал қалалық мәслихатының
1-ші сессиясының төрағасы А.Ш.Ермекқалиев